Президент қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
23:08 31.12.2022 (жаңартылды: 23:24 31.12.2022)
© Президенттің баспасқз қызметіПрезидент қазақстандықтарды құттықтады
Жазылу
АСТАНА, 1 қаңтар - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін оңай болған жоқ, күрделі болды. Қаңтар айында тәуелсіздік тарихындағы зор сын-қатерге тап болдық. Бірақ халқымыздың мызғымас бірлігінің арқасында біз осы қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді сақтап қалдық. Төл тарихымызға қарасақ, жұртымыз көптеген сындардан шыңдалып шыққан. Біз де қиындықтарды артқа тастап, алға қарай нық қадам бастық", - деді президент.
Ол келе жатқан жылдан қазақстандықтар зор үміт күтетінін атап өтті.
"Біз келе жатқан Жаңа жылдан зор үміт күтеміз. Баршаңызға мәлім, әлемдегі ахуал аса күрделі. Соған қарамастан, келесі жыл еліміз үшін жемісті жыл болады деп сенеміз. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр, көптеген жоспарымызды жүзеге асыруымыз керек.
Негізгі мақсат – мемлекетімізді нығайту және халқымыздың әл-ауқатын арттыру. Мен Президент ретінде осы мақсаттарға жету үшін барлық күш-жігерімді саламын.
Алдағы жылы ұлттың рухын көтеретін маңызды іс-шаралар өтеді. Біз бір ел болып, бір халық болып, бірлесе еңбек етіп, Жаңа жылда жаңа табысқа жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін", - деді президент.

Ол биылғы қиындықтарға қарамастан, біз келешекке үлкен үмітпен қараймыз, деп қсоты.
"Алдағы 2023 жыл тың мүмкіндіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындыратын жыл болады деп сенемін. Алдағы жолымыз оңай болмайды. Алайда күдік пен күмәннен арылып, көздеген мақсатқа жету үшін батыл қадам жасау керек. Сонда ғана мұратымызға жетеміз. Жақсылық бар жерде тапшылық болмайды" дейді халқымыз. Жаңа жылда баршамыз жақсылыққа ұмтылайық. Бір-бірімізге жанашыр, қамқор болайық. Ең бастысы, табанды еңбек етіп, елімізді бірге дамытайық", - деді президент.