АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті жаңа орган - Конституциялық Соттың құрамын жасақтауды жалғастырып жатыр. Ол төрт судьяны тағайындау туралы жарлық шығарды.
Мемлекет басшысының жарлығымен 1 қаңтардан бастап Конституциялық Сот судьясы қызметіне тағайындалғандар:
Қайрат Жақыпбаев, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;
Айжан Жатқанбаева;
Бақыт Нұрмұханов;
Роман Подопригора.