АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Димаш Құдайберген АҚШ-тың "New York Film Academy" жетекші жоғары оқу орнында "режиссура" мамандығы бойынша 1 жылдық тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлайды.
"Димаш Құдайберген АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – New York Film Academy-де "режиссура" мамандығы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтеді", - делінген ресми сайттағы хабарламада.
28 желтоқсанда "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссияның шешімімен 178 қазақстандыққа стипендия берілді.
Танымал әнші мемлекет есебінен шетелде оқуға мүмкіндік алған 178 қазақстандықтың бірі болды.