Ұлытау облысында газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті

Sputnik
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Ұлытау облысында газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті.
"Бүгін Жаңаарқа кентіндегі үйлердің бірінің моншасында газ баллоны жарылды. Салдарынан 50 шаршы метр аумақта өрт болды", - делінген ақпаратта.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға болған үйде ас берген. Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың 8-і ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы ауыр. Сегіз адам үйіне жіберген.
Қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған. Газ баллонын аяздан әкеліп, жылыту құрылғысының жанына қойған.
Павлодар облысында өрт кезінде атасы мен немересі қайтыс болды