Экономика

Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 11%-ке өсті

Sputnik
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 10 айда республика мен ТМД елдері арасындағы тауар айналымы 11%-ке өскенін айтты.
"Қаңтар-қазан айларында Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 11%-ке өсіп, 30 миллиард долларға жуықтағанын атап өткім келеді. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 26,5 миллиард долларды болы, яғни өсім шамамен 5 миллиард доллар. Бұл жақсы қарқын", - деді ол Санкт-Петербургте өткен ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуінде.
Бұған дейін Тоқаев биылғы жыл әлем қауымдастығы үшін күрделі болғанын және ТМД елдері үшін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор екенін айтты.
Еске салсақ, бүгін Санкт-Петербургте ТМД елдерінің бейресми саммиті өтіп жатыр. Кездесу Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен ұйымдастырылды.
Саммитте ТМД-дағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.
Мемлекет басшылары жылды қорытындылап, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасады.
Жиынға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері, Армения премьер-министрі қатысып жатыр. Саммит 26-27 желтоқсанда өтеді. Бұған дейінгі бейресми саммит те 7 қазанда Санкт-Петербургте өткен болатын.
Тоқаев: Бұл жыл әлем қауымдастығы үшін қиын болды