Тоқаев: Бұл жыл әлем қауымдастығы үшін қиын болды

© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл әлем қауымдастығы үшін ауыр болғанын айтты. Бұл туралы ол Санкт-Петербургте ТМД елдерінің бейресми саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Өтіп бара жатқан жыл бүкіл әлем қауымдастығы үшін қиын болды және осы жағдайда Қазақстан ТМД-ға төрағалық ету шеңберінде Достастықтың әлеуетін нығайту бойынша бірқатар нақты шараны қабылдады", - деді Тоқаев.

Қазақстан президентінің айтуынша, бір жыл ішінде 80-нен астам ірі іс-шара өткізілді, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, тығыз гуманитарлық байланыстарды сақтауға, ұйымның беделін нығайтуға бағытталған көптеген бастама жүзеге асырылды.
"Біздің бірлескен күш-жігеріміз қазан айында өткен Астана саммитінің қорытындысы бойынша құжаттарда көрсетілген", - деді ол.
Қазақстан президенті қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың ТМД үшін маңызы зор екенін де атап өтті.
Еске салсақ, бүгін Санкт-Петербургте ТМД елдерінің бейресми саммиті өтіп жатыр. Кездесу Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен ұйымдастырылды. Саммитте ТМД-дағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.
Мемлекет басшылары жылды қорытындылап, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасады.
Жиынға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері, Армения премьер-министрі қатысып жатыр. Саммит 26-27 желтоқсанда өтеді. Бұған дейінгі бейресми саммит те 7 қазанда Санкт-Петербургте өткен болатын.
Жаңалықтар
0