АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда полицейлер граната жарып жібермек болған 47 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр.
"Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, жарылғыш затты залалсыздандырған", - деп жазылған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, барлық арнайы қызмет осы оқиға туралы хабардар етілді. Қауіпсіздік мақсатында үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді.