Павлодарда граната жармақ болған 47 жастағы ер адам ұсталды

© Photo : Polisia.kzПавлодарда граната жармақ болған 47 жастағы ер адам ұсталды
Павлодарда граната жармақ болған 47 жастағы ер адам ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2022
Жазылу
Төтенше оқиға салдарынан тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда полицейлер граната жарып жібермек болған 47 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр.
"Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, жарылғыш затты залалсыздандырған", - деп жазылған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, барлық арнайы қызмет осы оқиға туралы хабардар етілді. Қауіпсіздік мақсатында үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді.
Жаңалықтар
0