Денсаулық

Өзбекстандағы 15 баланың өлімі: ол дәрі Қазақстанда сатылмайды

Sputnik
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда балалардың өмірін қиған препарат Қазақстанда тіркелмегенін мәлімдеді.

"Дәрілік заттар сараптамасы ұлттық орталығының ақпараты бойынша, "Док-1 Max" препаратының өндірушісі - Marrion Biotech, Үндістан. Тіркеу мерзімі 2018 жылы аяқталған. Ол Қазақстанда тіркелмеген. Құрамында 500 мг парацетамол, гвайфенезин – 200 мг және фенилэфрин гидрохлориді - 10 мг бар", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінде.

Қазақстанда құрамы осындай препарат Ұлыбританияда дайындалған Викс Актив Стопмакс плюс деген сауда атауымен тіркелген.
Препарат тек ересектерге арналған. Нұсқаулығына сәйкес, 18 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды. Ол суық тиюге қарсы препараттар тобына жатады.
"Парацетамолға байланысты препараттың бүйрек жұмысының бұзылуы сынды жанама әсері бар. Сондықтан нұсқаулықта оны жиі емес, күніне 4-6 сағат сайын қабылдау керектігі көрсетілген. Бауыр аурулары мен бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі барлық парацетамолға қарсы. Бізде сатылмайды", - деп нақтылады ведомстводағылар.
Бұған дейін хабарлағандай, Өзбекстанның Самарқанд облысында "Док-1 Макс" (Үндістан) дәрісі мен шәрбатын қабылдаған 21 баланың ауруы асқынып, 15 бала қайтыс болғаны хабарланған.