https://sputnik.kz/20221224/ozbekstanda-balalardyn-olimine-akelgen-dari-qazaqstan-30603109.html
Өзбекстандағы 15 баланың өлімі: ол дәрі Қазақстанда сатылмайды
Өзбекстандағы 15 баланың өлімі: ол дәрі Қазақстанда сатылмайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда балалардың өмірін қиған препарат Қазақстанда тіркелмегенін мәлімдеді. 24.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-24T19:14+0500
2022-12-24T19:14+0500
2023-08-10T12:26+0500
денсаулық
өзбекстан
балалар
қазақстан
министрлік
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/old/16/43/164317_0:53:1000:616_1920x0_80_0_0_548afb0ee7fc714965d31964ef8a2aaf.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда балалардың өмірін қиған препарат Қазақстанда тіркелмегенін мәлімдеді. Қазақстанда құрамы осындай препарат Ұлыбританияда дайындалған Викс Актив Стопмакс плюс деген сауда атауымен тіркелген.Препарат тек ересектерге арналған. Нұсқаулығына сәйкес, 18 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды. Ол суық тиюге қарсы препараттар тобына жатады. "Парацетамолға байланысты препараттың бүйрек жұмысының бұзылуы сынды жанама әсері бар. Сондықтан нұсқаулықта оны жиі емес, күніне 4-6 сағат сайын қабылдау керектігі көрсетілген. Бауыр аурулары мен бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі барлық парацетамолға қарсы. Бізде сатылмайды", - деп нақтылады ведомстводағылар. Бұған дейін хабарлағандай, Өзбекстанның Самарқанд облысында "Док-1 Макс" (Үндістан) дәрісі мен шәрбатын қабылдаған 21 баланың ауруы асқынып, 15 бала қайтыс болғаны хабарланған.
өзбекстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/16/43/164317_54:0:946:669_1920x0_80_0_0_d185db224ab69dadba5b2e5054dd4376.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, балалар, қазақстан, министрлік, дәрі-дәрмек
өзбекстан, балалар, қазақстан, министрлік, дәрі-дәрмек
Өзбекстандағы 15 баланың өлімі: ол дәрі Қазақстанда сатылмайды
19:14 24.12.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда балалардың өмірін қиған препарат Қазақстанда тіркелмегенін мәлімдеді.
"Дәрілік заттар сараптамасы ұлттық орталығының ақпараты бойынша, "Док-1 Max" препаратының өндірушісі - Marrion Biotech, Үндістан. Тіркеу мерзімі 2018 жылы аяқталған. Ол Қазақстанда тіркелмеген. Құрамында 500 мг парацетамол, гвайфенезин – 200 мг және фенилэфрин гидрохлориді - 10 мг бар", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінде.
Қазақстанда құрамы осындай препарат Ұлыбританияда дайындалған Викс Актив Стопмакс плюс деген сауда атауымен тіркелген.
Препарат тек ересектерге арналған. Нұсқаулығына сәйкес, 18 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды. Ол суық тиюге қарсы препараттар тобына жатады.
"Парацетамолға байланысты препараттың бүйрек жұмысының бұзылуы сынды жанама әсері бар. Сондықтан нұсқаулықта оны жиі емес, күніне 4-6 сағат сайын қабылдау керектігі көрсетілген. Бауыр аурулары мен бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі барлық парацетамолға қарсы. Бізде сатылмайды", - деп нақтылады ведомстводағылар.
Бұған дейін хабарлағандай, Өзбекстанның Самарқанд облысында "Док-1 Макс" (Үндістан) дәрісі мен шәрбатын қабылдаған 21 баланың ауруы асқынып, 15 бала қайтыс болғаны хабарланған.