Судья алаяқтық үшін бес жылға түрмеге қамалды

Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда алаяқтық үшін ұсталған судья бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы облыстық ауданаралық экономикалық сотта істеген әйел судья алдау арқылы бөтен біреудің мүлігін иемденгені үшін айыпталған болатын. Онымен бірге екі адвокат та жауапқа тартылды. Олар делдалдық жасаған. Сондай-ақ, жергілікті бизнесмен сотталды.
Соттың шешіміне сәйкес, экс-судья бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
"Ол мамандырылған ауданаралық экономикалық соттың судья болып жүргенде бизнесменнің ақшасын жымқыру мақсатында алдау мен сенімін теріс пайдалану арқылы делдалдарға жалған мәлімет берген. Соның негізінде өзі шығарған шешімді аппеляциялық инстанцияда өзгеріссіз қалдыруға уәде еткен", - делінген сот үкімінде.
Пара беруге тырысқан бизнесмен де сотталды. Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал делдал адвокаттар 1,5 жылға сотталды. Бірақ рақымышылық туралы заңға ілігіп, жазадан босатылды. Соттың шешіміне заңды күшіне енген жоқ.