https://sputnik.kz/20221223/sudya-alayaqtyq-ushin-bes-zhylga-turmege-qamaldy-30553952.html
Судья алаяқтық үшін бес жылға түрмеге қамалды
Судья алаяқтық үшін бес жылға түрмеге қамалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда алаяқтық үшін ұсталған судья бес жылға бас бостандығынан айырылды. 23.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-23T10:49+0500
2022-12-23T10:49+0500
2022-12-23T10:49+0500
сыбайлас жемқорлық
судья
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда алаяқтық үшін ұсталған судья бес жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы облыстық ауданаралық экономикалық сотта істеген әйел судья алдау арқылы бөтен біреудің мүлігін иемденгені үшін айыпталған болатын. Онымен бірге екі адвокат та жауапқа тартылды. Олар делдалдық жасаған. Сондай-ақ, жергілікті бизнесмен сотталды. Соттың шешіміне сәйкес, экс-судья бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. "Ол мамандырылған ауданаралық экономикалық соттың судья болып жүргенде бизнесменнің ақшасын жымқыру мақсатында алдау мен сенімін теріс пайдалану арқылы делдалдарға жалған мәлімет берген. Соның негізінде өзі шығарған шешімді аппеляциялық инстанцияда өзгеріссіз қалдыруға уәде еткен", - делінген сот үкімінде. Пара беруге тырысқан бизнесмен де сотталды. Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал делдал адвокаттар 1,5 жылға сотталды. Бірақ рақымышылық туралы заңға ілігіп, жазадан босатылды. Соттың шешіміне заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, судья
сыбайлас жемқорлық, судья
Судья алаяқтық үшін бес жылға түрмеге қамалды
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда алаяқтық үшін ұсталған судья бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы облыстық ауданаралық экономикалық сотта істеген әйел судья алдау арқылы бөтен біреудің мүлігін иемденгені үшін айыпталған болатын. Онымен бірге екі адвокат та жауапқа тартылды. Олар делдалдық жасаған. Сондай-ақ, жергілікті бизнесмен сотталды.
Соттың шешіміне сәйкес, экс-судья бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
"Ол мамандырылған ауданаралық экономикалық соттың судья болып жүргенде бизнесменнің ақшасын жымқыру мақсатында алдау мен сенімін теріс пайдалану арқылы делдалдарға жалған мәлімет берген. Соның негізінде өзі шығарған шешімді аппеляциялық инстанцияда өзгеріссіз қалдыруға уәде еткен", - делінген сот үкімінде.
Пара беруге тырысқан бизнесмен де сотталды. Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал делдал адвокаттар 1,5 жылға сотталды. Бірақ рақымышылық туралы заңға ілігіп, жазадан босатылды. Соттың шешіміне заңды күшіне енген жоқ.