АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында Екібастұздағы мектептер мен балабақшаларды тексеріп шыққанын айтты.
"Екібастұздық балалардың үйде отырғаны жеткілікті деген ойдамын. Қаланың білім беру нысандарының оқушыларды қабылдауға дайындығын тексердім", - деп жазды облыс басшысы.
Мәселен, № 1 мектеп-лицейде жылумен жабдықтау қысымы жеткіліксіз болып шықты. Энергетиктердің пікірінше, жылыту жүйесін толықтай жуу қажет.
№11 орта мектептің де жағдайы дәл осындай. Байханов жылу беру жүйесін жуу жұмыстарын жеделдетіп бастауды және жақын күндері жылумен жабдықтау жүйесін толыққанды бірқалыпқа келтіруді тапсырды.
№25 балабақшадағы жылыту радиаторлары қалпына келтірілді. Жоспар бойынша дүйсенбіге дейін температураны қалыпқа келтіру қажет.
"Екібастұздың білім беру мекемелерінің жұмысын жеделдетіп жандандыру міндетін қойдым. Қаланың жасөспірім тұрғындары мүмкіндігінше тезірек мектептер мен балабақшаларға оралуы керек", - деді Байханов.
Бұған дейін Екібастұзда магистральдық желілерде апатты-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталғаны хабарланған еді. Жылусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлердің 90%-і жылынған.