https://sputnik.kz/20221218/ekibastuz-mektepter-oblys-akimi-30410372.html
Байханов Екібастұз мектептерінің жұмысын тездетіп жандандыруды тапсырды
Байханов Екібастұз мектептерінің жұмысын тездетіп жандандыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында Екібастұздағы мектептер мен балабақшаларды тексеріп... 18.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-18T08:50+0500
2022-12-18T08:50+0500
2022-12-18T08:50+0500
өңірлер
екібастұз
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861078_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_c4dc828a0ed6cc443b8496c1ca9486fa.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында Екібастұздағы мектептер мен балабақшаларды тексеріп шыққанын айтты.Мәселен, № 1 мектеп-лицейде жылумен жабдықтау қысымы жеткіліксіз болып шықты. Энергетиктердің пікірінше, жылыту жүйесін толықтай жуу қажет.№11 орта мектептің де жағдайы дәл осындай. Байханов жылу беру жүйесін жуу жұмыстарын жеделдетіп бастауды және жақын күндері жылумен жабдықтау жүйесін толыққанды бірқалыпқа келтіруді тапсырды.№25 балабақшадағы жылыту радиаторлары қалпына келтірілді. Жоспар бойынша дүйсенбіге дейін температураны қалыпқа келтіру қажет."Екібастұздың білім беру мекемелерінің жұмысын жеделдетіп жандандыру міндетін қойдым. Қаланың жасөспірім тұрғындары мүмкіндігінше тезірек мектептер мен балабақшаларға оралуы керек", - деді Байханов.Бұған дейін Екібастұзда магистральдық желілерде апатты-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталғаны хабарланған еді. Жылусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлердің 90%-і жылынған.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861078_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_bf86cf344cc074009c5bb96ef81331c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, мектеп
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында Екібастұздағы мектептер мен балабақшаларды тексеріп шыққанын айтты.
"Екібастұздық балалардың үйде отырғаны жеткілікті деген ойдамын. Қаланың білім беру нысандарының оқушыларды қабылдауға дайындығын тексердім", - деп жазды облыс басшысы.
Мәселен, № 1 мектеп-лицейде жылумен жабдықтау қысымы жеткіліксіз болып шықты. Энергетиктердің пікірінше, жылыту жүйесін толықтай жуу қажет.
№11 орта мектептің де жағдайы дәл осындай. Байханов жылу беру жүйесін жуу жұмыстарын жеделдетіп бастауды және жақын күндері жылумен жабдықтау жүйесін толыққанды бірқалыпқа келтіруді тапсырды.
№25 балабақшадағы жылыту радиаторлары қалпына келтірілді. Жоспар бойынша дүйсенбіге дейін температураны қалыпқа келтіру қажет.
"Екібастұздың білім беру мекемелерінің жұмысын жеделдетіп жандандыру міндетін қойдым. Қаланың жасөспірім тұрғындары мүмкіндігінше тезірек мектептер мен балабақшаларға оралуы керек", - деді Байханов.
Бұған дейін Екібастұзда магистральдық желілерде апатты-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталғаны хабарланған еді. Жылусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлердің 90%-і жылынған.