АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасымен тауар айналымы биыл 9 айда 466 миллион доллардан асқанын айтты. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және басқа да салалардағы байланыстар нығайып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.