Қазақстанның Татарстанмен тауар айналымы 9 айда 466 млн доллардан асты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады
Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасымен тауар айналымы биыл 9 айда 466 миллион доллардан асқанын айтты. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және басқа да салалардағы байланыстар нығайып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.
Встреча Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Президентом Республики Татарстан Рустамом Миннихановым - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Саясат
Тоқаев Татарстан басшысына: тарихымыз соншалықты сабақтасып жатқанына таңғаламын
Жаңалықтар
0