АСТАНА, 10 желтоқсан - Sputnik. Диетолог ағзаның төзімділігін арттыратын және дене күйзелісін жеңілдетуге көмектесетін өнімдер туралы айтты.
Диетолог Ума Раджабованың айтуынша, кейбір өнімдер энергия шығынын толықтыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Lenta.ru.
Ол төзімділікті арттыратын тағамдардың пайдалы майларға бай тағамдар екенін түсіндірді. Оларға мыналар жатады:
зәйтүн майы;
авокадо;
әртүрлі жаңғақ;
майлы балық;
гхи майы.
зәйтүн майы;
авокадо;
әртүрлі жаңғақ;
майлы балық;
гхи майы.
Диетолог спортпен шұғылдану кезінде диетаға міндетті түрде осы өнімдерді қосуды ұсынды. Өйткені бұл майлар "ағзаны энергиямен қамтамасыз етуге және оның қалпына келуіне жауап береді".
Сондай-ақ, сарапшы тез арада қуат беретін көмірсуларға назар аударуды ұсынды. Оның пікірінше, дененің төзімділігін арттыру үшін диетада жарма болуы керек.
Сондай-ақ:
қарақұмық;
киноа;
күріш,
жаңа піскен көкөніс, жеміс-жидек.