АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Темекі шегу қант диабетіне шалдықтыратын жаман әдеттердің бірі саналады. Бұл туралы ресейлік эндокринолог Ольга Котешкова мәлімдеді.
"Темекі шегу – екінші типті қант диабетінің дамуына себеп болатын факторлардың бірі, сондықтан ол адамдардың қант диабетіне шалдығу қаупін арттырады", - деді Котешкова.
Оның айтуынша, темекі шегу мен қант диабеті бір-бірімен үйлеспейтін екі нәрсе. Темекі тіндердің инсулинге сезімталдығын төмендетеді. Никотин қан тамырларының тарылуына ықпал етеді.
Темекі шегу кезінде қан тамырларында түйіншектер – холестерин қыртыстарының пайда болу қаупі бірнеше есе артады, деп жазды РИА Новости.