Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Келесі аптаның басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.
"12 желтоқсанда мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.