Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Келесі аптаның басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.
"12 желтоқсанда мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0