Алматы – Петропавл пойызы теміржолдағы жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтатылды

Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы-2 – Петропавл арасында қатынайтын Тальго жолаушылар пойызы бір аптаға тоқтатылды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Ұлттық тасымалдаушы осы жылдың 8, 10, 12, 14 желтоқсанында Алматыдан жөнелтілетін, 9, 11, 13, 15 желтоқсанда Петропавлдан келетін / жөнелтілетін жолаушылар пойыздарын тоқтатады", - делінген хабарламада.
Жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыз қозғалысы Қарағанды ​​облысының Қарабас өткеліндегі магистральдық теміржолда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты тоқтатылғанын атап өтті.
Жолаушылар пойыздардың қозғалыс кестесі өзгергені туралы ақпаратты "1433" бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы ала алады.
11 қарашадан бастап Алматы – Қонаев электр пойызы жүреді