11 қарашадан бастап Алматы – Қонаев электр пойызы жүреді

© пресс-служба АО "Пассажирские перевозки"Пойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы – Қонаев бағдары бойынша қаламаңы пойызы іске қосылғанын хабарлады.
Жаңа жолаушылар бағдары 11 қарашадан бастап ашылады.
Пойыз тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді.
Пойыз құрамында 175 орындық 3 вагон бар. Тасымалмен "Жолаушылар тасымалы" АҚ айналысады.
Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қазанда Алматы облысына жасаған сапары аясында екі қаланың арасында электричка жүргізуді тапсырған болатын.
Пойыз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Алматы мен Қонаев арасында электр пойызы қатынауы мүмкін
Жаңалықтар
0