Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып қалды

Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
Ол бұл қызметті 2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап атқарып келеді.
Кезектен тыс президент сайлауынан кейін өңір әкімдерін тағайындау процесі жүріп жатыр.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов те өз қызметін сақтап қалды.
Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды