https://sputnik.kz/20221202/nogaev-mangystau-oblysynyn-akimi-bolyp-tagayyndaldy-29966309.html
Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды
Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ақтау қаласында Маңғыстау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына... 02.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-02T15:26+0500
2022-12-02T15:26+0500
2022-12-02T15:26+0500
нұрлан ноғаев
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/1292/93/12929397_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_db29ff9cbd151ef0604aa74e16a5784e.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ақтау қаласында Маңғыстау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты.Жиында Мұрат Нұртілеу Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Дәулетжан Хасанов пен Нұрлан Ноғаевтың кандидатураларын ұсынған президенттің хатын оқып берді.Ашық дауыс беру кезінде мәслихаттардың 23 депутаты Дәулетжан Хасановқа, ал 93 депутаты Нұрлан Ноғаевқа дауыс берді.Дауыс беру нәтижесі бойынша мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.Президент әкімшілігінің басшысы облыс әкімі болып қайта тағайындалған Нұрлан Ноғаев жауапты жұмыстарды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі маман екенін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу мемлекет басшысының Маңғыстауға жұмыс сапары кезінде нақты міндеттерді айқындап бергенін еске салды. Олардың арасында өңірдің инфрақұрылымдық ахуалын, көлік-логистика салаларының әлеуетін жақсарту және аймақ тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер бар.Президент әкімшілігінің басшысы биылғы маңызды саяси оң өзгерістерге атсалысқан облыс азаматтарына мемлекет басшысының алғысын жеткізді. Сондай-ақ президенттің сайлауалды бағдарламасында және ұлықтау рәсімінде айқындалған міндеттерді сапалы іске асыру маңызды екенін айтты.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1292/93/12929397_60:0:1197:853_1920x0_80_0_0_303fade6792ee44015d7c846772e0698.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нұрлан ноғаев, маңғыстау облысы
нұрлан ноғаев, маңғыстау облысы
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ақтау қаласында Маңғыстау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты.
Жиында Мұрат Нұртілеу Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Дәулетжан Хасанов пен Нұрлан Ноғаевтың кандидатураларын ұсынған президенттің хатын оқып берді.
Ашық дауыс беру кезінде мәслихаттардың 23 депутаты Дәулетжан Хасановқа, ал 93 депутаты Нұрлан Ноғаевқа дауыс берді.
Дауыс беру нәтижесі бойынша мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.
Президент әкімшілігінің басшысы облыс әкімі болып қайта тағайындалған Нұрлан Ноғаев жауапты жұмыстарды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі маман екенін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу мемлекет басшысының Маңғыстауға жұмыс сапары кезінде нақты міндеттерді айқындап бергенін еске салды. Олардың арасында өңірдің инфрақұрылымдық ахуалын, көлік-логистика салаларының әлеуетін жақсарту және аймақ тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер бар.
Президент әкімшілігінің басшысы биылғы маңызды саяси оң өзгерістерге атсалысқан облыс азаматтарына мемлекет басшысының алғысын жеткізді. Сондай-ақ президенттің сайлауалды бағдарламасында және ұлықтау рәсімінде айқындалған міндеттерді сапалы іске асыру маңызды екенін айтты.