АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Талдықорғанда жаңа тұрғызылған көпқабатты үйдің шатырынан шүмектеп су ағып жатыр. Оны тұрғындар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, техникалық қабатта ыстық су шүмегі жарылып, Бірлік шағын ауданындағы №7 үйдің тоғыз пәтері су астында қалған.
Бүгінгі таңда ыстық су жүйесінің ақауын анықтау, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
"Регалит" ЖШС мердігерлік ұйымы есебінен қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Кепілдіктерге сәйкес міндеттемелердің орындалуын Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі бақылап отырады", - деп хабарлады Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметі.