2023 жылдан бастап ең төменгі жалақы көбейеді

Sputnik
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заң аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар көрсеткіш өзгереді. Олар:
ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;
ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 24 341 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.
Айта кетері, бұған дейін сенат осы заңға бірқатар өзгеріс енгізіп, мәжіліске қайтарған болатын. Атап айтқанда, 71,8 миллиард теңгені құрайтын 57 түзету енгізілді. Соның ішінде 2023 жылы – 30 миллиард теңге, 2024 жылы – 29 миллиард теңге, ал 2025 жылы – 12,8 миллиард теңге. Бұл шығыстар автокөлік жолдарын дамытуға, халықты ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге, сонымен қатар өңірлерді қолдауға бағытталған.
Экономика
Парламент үш жылдық бюджетті қабылдады