Экономика

Парламент үш жылдық бюджетті қабылдады

© Photo : Pixabay / TheDigitalWayКалькулятор
Калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
Бұған дейін сенат депутаттары заң жобасына бірқатар түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарған болатын
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісі 2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістермен келісті. Заң президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сенат жалпы сомасы 71,8 миллиард теңгені құрайтын 57 түзету енгізді. Соның ішінде 2023 жылы – 30 миллиард теңге, 2024 жылы – 29 миллиард теңге, ал 2025 жылы – 12,8 миллиард теңге. Бұл шығыстар автокөлік жолдарын дамытуға, халықты ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге, сонымен қатар өңірлерді қолдауға бағытталған", - деді мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин.
Айтуынша, сенат енгізген түзетулер республикалық бюджет жобасы параметрлерінің теңгерімділігін бұзбайды және экономиканы одан әрі орнықты дамытуға және президент қойған міндеттерді шешуге бағытталған.
Сондай-ақ мәжіліс "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістерді де мақұлдады.
Осылайша парламент Қазақстанның алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетін қабылдады. Енді заңға президент қол қоюы қажет.
Бизнес, тексеріс - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Экономика
Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылады
Жаңалықтар
0