Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан

Sputnik
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Кербұлақ ауданында болды. Онда полицейлер ұрланған жылқының тұтас етін автокөлікпен алып кетуге тырысқан үш күдіктіні ұстады. Күдіктілердің үшеуі де бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Белгілі болғандай, мал ұрлаушылар Долана ауылының маңындағы табынмен бірге жайылып жүрген жылқыны мылтықпен атып түсірген. Олар малды қылмыс орнында сойып, етті Toyota Camry автокөлігіне тиеп, оны Алматы қаласына өткізбек болған.
Жол бойында күдіктілерді Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.
"Ұсталған үш күдікті қамауға алынды. Ұсталғандардан ұрланған жылқының тұтас еті мен терісі, атыс қарудың патрондары тәркіленді. Тергеу жұмыстарының аясында күдіктілердің осыған ұқсас сипаттағы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады", – делінген хабарламада.