https://sputnik.kz/20221130/zhetisu-oblysynda-barymtashylar-zhayylyp-zhurgen-zhylqyga-oq-atqan-29900693.html
Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан
Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан, деп хабарлайды Polisia.kz. 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T20:41+0500
2022-11-30T20:41+0500
2022-11-30T20:41+0500
жылқы
жетісу
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1c/16149471_0:218:2867:1830_1920x0_80_0_0_57c569d6b0a83906a654f894a838fdf9.jpg
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан, деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға Кербұлақ ауданында болды. Онда полицейлер ұрланған жылқының тұтас етін автокөлікпен алып кетуге тырысқан үш күдіктіні ұстады. Күдіктілердің үшеуі де бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Белгілі болғандай, мал ұрлаушылар Долана ауылының маңындағы табынмен бірге жайылып жүрген жылқыны мылтықпен атып түсірген. Олар малды қылмыс орнында сойып, етті Toyota Camry автокөлігіне тиеп, оны Алматы қаласына өткізбек болған. Жол бойында күдіктілерді Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. "Ұсталған үш күдікті қамауға алынды. Ұсталғандардан ұрланған жылқының тұтас еті мен терісі, атыс қарудың патрондары тәркіленді. Тергеу жұмыстарының аясында күдіктілердің осыған ұқсас сипаттағы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады", – делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1c/16149471_67:0:2798:2048_1920x0_80_0_0_676137fe44ff54a24ea19d9d60574379.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы, жетісу
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Кербұлақ ауданында болды. Онда полицейлер ұрланған жылқының тұтас етін автокөлікпен алып кетуге тырысқан үш күдіктіні ұстады. Күдіктілердің үшеуі де бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Белгілі болғандай, мал ұрлаушылар Долана ауылының маңындағы табынмен бірге жайылып жүрген жылқыны мылтықпен атып түсірген. Олар малды қылмыс орнында сойып, етті Toyota Camry автокөлігіне тиеп, оны Алматы қаласына өткізбек болған.
Жол бойында күдіктілерді Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.
"Ұсталған үш күдікті қамауға алынды. Ұсталғандардан ұрланған жылқының тұтас еті мен терісі, атыс қарудың патрондары тәркіленді. Тергеу жұмыстарының аясында күдіктілердің осыған ұқсас сипаттағы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады", – делінген хабарламада.