Өңірлер

Ақтау тұрғынынан 41 келі марихуана мен 3,2 млн теңге тәркіленді

Ер адам жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінде марихуана сатумен айналысқан 40 жастағы ер адам ұсталды.
Маңғыстау облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 41 келі марихуана мен 3,2 миллион теңге тәркіледі, деп хабарлайды Inaktau.kz.
"Тұрғынды тексеру кезінде марихуана салынған 12 полиэтилен пакеті тәркіленді. Ал тұрғылықты жерін тінту кезінде дәл осындай есірткі заты бар тағы 11 ірі полиэтилен пакеті табылды. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 41 келі. Сонымен қатар, күдіктіден 3 миллион 295 мың теңге көлеміндегі ақша тәркіленді", - деді облыстың полиция департаменті.
Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптама жүргізіледі.
Елордада медицина қызметкері есірткі сатумен айналысқан