https://sputnik.kz/20221122/elordada-meditsina-qyzmetkeri-esirtki-satumen-aynalysqan-29629079.html
Елордада медицина қызметкері есірткі сатумен айналысқан
Елордада медицина қызметкері есірткі сатумен айналысқан
Sputnik Қазақстан
Ол есірткіні ауруханадағы шкафта сақтаған 22.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-22T20:38+0500
2022-11-22T20:38+0500
2022-11-22T20:38+0500
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29626202_0:0:591:332_1920x0_80_0_0_b9ff1218392ce3ad7f9b506ea05b0bec.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Көлік полициясының қызметкерлері Астанада есірткі саудасымен айналысқан медицина қызметкерін ұстады."Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан қалалық аурухананың медициналық қызметкерін ұстады", - деп хабарлады Polisia.kz.Медициналық мекемедегі жұмыс орнын тінту кезінде ұсталған азаматтың жеке шкафынан ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ұнтақ салынған 4 полиэтилен бумасы алынды.Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 240 грамнан астам гашишті құрады. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі көлемдегі есірткі заты болып саналады.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы "Аса ірі көлемде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламаларын сату мақсатында заңсыз иемдену, сақтау немесе сату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Медициналық қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29626202_73:0:516:332_1920x0_80_0_0_627b87edba9a3888c22db097f4a142aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі
Елордада медицина қызметкері есірткі сатумен айналысқан
Ол есірткіні ауруханадағы шкафта сақтаған
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Көлік полициясының қызметкерлері Астанада есірткі саудасымен айналысқан медицина қызметкерін ұстады.
"Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан қалалық аурухананың медициналық қызметкерін ұстады", - деп хабарлады
Polisia.kz.Медициналық мекемедегі жұмыс орнын тінту кезінде ұсталған азаматтың жеке шкафынан ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ұнтақ салынған 4 полиэтилен бумасы алынды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 240 грамнан астам гашишті құрады. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі көлемдегі есірткі заты болып саналады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы "Аса ірі көлемде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламаларын сату мақсатында заңсыз иемдену, сақтау немесе сату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Медициналық қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамалды.