Саясат

Тоқаев сенат депутаттарының сайлауы туралы жарлыққа қол қояды

Sputnik
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Сенат депутаттарының сайлауы өтеді. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада қол қояды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент саяси жаңғыру үдерісі жоспарлы түрде жалғасатынын атап өтті.
"Бүгін мен "Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы" жарлыққа қол қоямын. Осылайша, жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болмақ", - деді Тоқаев ұлықтау рәсімінде.
Айтуынша, сайлау қорытындысы бойынша сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады.
Бұдан бөлек, бүгін Тоқаев конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
"Келесі кезең – оны толыққанды трансформациялау", - деді ол.
Экономика
Қазақстан заңсыз шығарылған капиталды елге қайтару туралы заң қабылдайды