ПАВЛОДАР, 26 қараша – Sputnik. Тіркемесіне бірнеше ірі қара мал тиелген КамАЗ өңірдегі тас жолда өртеніп кетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше сағат 20.22-де Ақсу ауданында "Павлодар – Көктөбе" тас жолында, Путь Ильич совхозының маңында КамАЗ өртенді.
1992 жылы шыққан жүк көлігінің тіркемесінде бірнеше ірі қара болған. Көлік толығымен жанып кетті. Өрт кезінде тіркеме зақымданбаған. Өрт сөндірушілер келгенше 24 жастағы жүргізуші барлық жануарды өз бетімен эвакуациялап үлгерген.
Павлодар облысында тас жолда КамАЗ өртенді
© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской области
Өзі қолын күйдіріп алған, алайда ауруханаға жатқызу қажет болмады.
Оқиға орнына бес адамнан тұратын өрт сөндіру бригадасы жетіп, сағат 21.05-те өртті оқшаулап, 21.55-те сөндірді.
Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Шығын анықталып жатыр.