Павлодар облысында КамАЗ өртенді

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской области Павлодар облысында тас жолда КамАЗ өртенді
Павлодар облысында тас жолда КамАЗ өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2022
Жазылу
ПАВЛОДАР, 26 қараша – Sputnik. Тіркемесіне бірнеше ірі қара мал тиелген КамАЗ өңірдегі тас жолда өртеніп кетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше сағат 20.22-де Ақсу ауданында "Павлодар – Көктөбе" тас жолында, Путь Ильич совхозының маңында КамАЗ өртенді.
1992 жылы шыққан жүк көлігінің тіркемесінде бірнеше ірі қара болған. Көлік толығымен жанып кетті. Өрт кезінде тіркеме зақымданбаған. Өрт сөндірушілер келгенше 24 жастағы жүргізуші барлық жануарды өз бетімен эвакуациялап үлгерген.
© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской области Павлодар облысында тас жолда КамАЗ өртенді
Павлодар облысында тас жолда КамАЗ өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2022
Павлодар облысында тас жолда КамАЗ өртенді
Өзі қолын күйдіріп алған, алайда ауруханаға жатқызу қажет болмады.
Оқиға орнына бес адамнан тұратын өрт сөндіру бригадасы жетіп, сағат 21.05-те өртті оқшаулап, 21.55-те сөндірді.
Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Шығын анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0