АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек кентінің маңында дәл күре жолдың үстінде бес тұрғын көкпар тартқан. Әкімшілік заң бұзушылыққа қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Оқиға 21 қарашада кешкі сағат 21-00 шамасында болған. Делебесі қозған бес тұрғын Райымбек кентінің маңында Алматы-Бішкек республикалық тас жолында көкпар ұйымдастырып, толассыз көлік қозғалысы болатын жолда жүргізушілерге кедергі келтірген.
Көкпаршылардың мәселесі Қарасай аудандық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында май шаммен қаралды.
Сотта олар кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетіндерін айтты. Барлық жәбірленушілерден кешірім сұрап, оларға қатаң жаза қолданбауды өтінді. Сот қаулысымен олар ҚР ҚК әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысына 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.