https://sputnik.kz/20221125/almaty-oblysynda-kure-zholda-kokpar-tartqandar-zhazalandy-29735420.html
Алматы облысында күре жолда көкпар тартқандар жазаланды
Алматы облысында күре жолда көкпар тартқандар жазаланды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек кентінің маңында дәл күре жолдың үстінде бес тұрғын көкпар тартқан. Әкімшілік заң... 25.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-25T18:11+0500
2022-11-25T18:11+0500
2022-11-25T18:11+0500
алматы облысы
көкпар
https://sputnik.kz/img/386/89/3868974_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_ca7a8e11ce01ac4be5e10e7b057ad810.jpg
АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек кентінің маңында дәл күре жолдың үстінде бес тұрғын көкпар тартқан. Әкімшілік заң бұзушылыққа қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі. Оқиға 21 қарашада кешкі сағат 21-00 шамасында болған. Делебесі қозған бес тұрғын Райымбек кентінің маңында Алматы-Бішкек республикалық тас жолында көкпар ұйымдастырып, толассыз көлік қозғалысы болатын жолда жүргізушілерге кедергі келтірген. Көкпаршылардың мәселесі Қарасай аудандық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында май шаммен қаралды. Сотта олар кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетіндерін айтты. Барлық жәбірленушілерден кешірім сұрап, оларға қатаң жаза қолданбауды өтінді. Сот қаулысымен олар ҚР ҚК әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысына 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/386/89/3868974_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_237b6211e5de8e61f6a6227fd5ea2425.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, көкпар
Алматы облысында күре жолда көкпар тартқандар жазаланды
АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек кентінің маңында дәл күре жолдың үстінде бес тұрғын көкпар тартқан. Әкімшілік заң бұзушылыққа қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Оқиға 21 қарашада кешкі сағат 21-00 шамасында болған. Делебесі қозған бес тұрғын Райымбек кентінің маңында Алматы-Бішкек республикалық тас жолында көкпар ұйымдастырып, толассыз көлік қозғалысы болатын жолда жүргізушілерге кедергі келтірген.
Көкпаршылардың мәселесі Қарасай аудандық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында май шаммен қаралды.
Сотта олар кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетіндерін айтты. Барлық жәбірленушілерден кешірім сұрап, оларға қатаң жаза қолданбауды өтінді. Сот қаулысымен олар ҚР ҚК әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысына 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.