Алан Құрманғалиев Ливанда үстел теннисінен өткен турнирдің чемпионы атанды

Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Алан Құрманғалиев Ливанда өткен WTT Youth Contender Jezzine турнирінде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алды. Жас қарағандылықтың жеңісі туралы Қазақстанның үстел теннисі федерациясы хабарлады.
Бірінші орынға жету жолында ол Обад әл-Абдулла (Катар), Карим Шалтун (Иордания), Стивен Морено (Пуэрто-Рико), Беньямин Фараджи (Иран), Реми Шамбе-Вейл (Голландия), Амирмахди Кешаварзи (Иран) сынды қарсыластарынан басым түсті.
Бұған дейін бұл турнирде тағы бір қарағандылық Мария Лукьянова 11 жасқа дейінгілер арасында алтын алған болатын.
Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегерін құттықтады