Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегерін құттықтады

© Photo : Федерация настольного тенниса КазахстанаКазахстанец Алан Курмангалиев занял второе место на представительном турнире "WTT Youth Contender"
Казахстанец Алан Курмангалиев занял второе место на представительном турнире WTT Youth Contender - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жасар қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады.
Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.
Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.
Жаңалықтар
0