Солтүстік Қазақстанда жаңа құс фабрикасы іске қосылды

Sputnik
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында жылына 5 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы ашылды.
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы құс фабрикасы
Кәсіпорын Big Dutchmen, Szlachet-Stal және Vagnerкомпанияларының заманауи еуропалық жабдықтарымен жабдықталған, ол болашақта жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы құс фабрикасы
Құс фабрикасы 165 адамды жұмыспен қамтыды. Жобаның құны 5 млрд теңге, оның ішінде СҚО-ны дамытудың кешенді жоспары шеңберінде ӘКК арқылы жеңілдетілген қарыз есебінен қаржыландырылды. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау аясында кәсіпорынға тиісті инфрақұрылым тартылды.
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы құс фабрикасы
Айта кетері, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы екі жылында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға 35 млрд теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы бойынша өңірде 1 трлн теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.
Жалпы, Қазақстанда 65 құс фабрикасы бар.
Биыл құс шаруашылығын қолдауға 8,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде асыл тұқымды тәуліктік төлді сатып алуға 617,5 млн теңге, ал жұмыртқа өндіру құнын арзандатуға - 7,5 млрд теңге бағытталды.