https://sputnik.kz/20221119/soltustik-qazaqstanda-zhana-qus-fabrikasy-iske-qosyldy-29487021.html
Солтүстік Қазақстанда жаңа құс фабрикасы іске қосылды
Солтүстік Қазақстанда жаңа құс фабрикасы іске қосылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында жылына 5 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы ашылды. 19.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-19T16:06+0500
2022-11-19T16:06+0500
2022-11-19T16:06+0500
құс
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29482728_0:90:1280:810_1920x0_80_0_0_d19755e578eb203fcd08f5c12f6610b4.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында жылына 5 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы ашылды.Кәсіпорын Big Dutchmen, Szlachet-Stal және Vagnerкомпанияларының заманауи еуропалық жабдықтарымен жабдықталған, ол болашақта жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Құс фабрикасы 165 адамды жұмыспен қамтыды. Жобаның құны 5 млрд теңге, оның ішінде СҚО-ны дамытудың кешенді жоспары шеңберінде ӘКК арқылы жеңілдетілген қарыз есебінен қаржыландырылды. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау аясында кәсіпорынға тиісті инфрақұрылым тартылды.Айта кетері, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы екі жылында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға 35 млрд теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы бойынша өңірде 1 трлн теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.Жалпы, Қазақстанда 65 құс фабрикасы бар.Биыл құс шаруашылығын қолдауға 8,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде асыл тұқымды тәуліктік төлді сатып алуға 617,5 млн теңге, ал жұмыртқа өндіру құнын арзандатуға - 7,5 млрд теңге бағытталды.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29482728_40:0:1240:900_1920x0_80_0_0_1581d9809ad455ff09f1d605a9dac624.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құс, солтүстік қазақстан облысы
құс, солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда жаңа құс фабрикасы іске қосылды
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында жылына 5 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы ашылды.
Кәсіпорын Big Dutchmen, Szlachet-Stal және Vagnerкомпанияларының заманауи еуропалық жабдықтарымен жабдықталған, ол болашақта жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Құс фабрикасы 165 адамды жұмыспен қамтыды. Жобаның құны 5 млрд теңге, оның ішінде СҚО-ны дамытудың кешенді жоспары шеңберінде ӘКК арқылы жеңілдетілген қарыз есебінен қаржыландырылды. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау аясында кәсіпорынға тиісті инфрақұрылым тартылды.
Айта кетері, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы екі жылында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға 35 млрд теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы бойынша өңірде 1 трлн теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.
Жалпы, Қазақстанда 65 құс фабрикасы бар.
Биыл құс шаруашылығын қолдауға 8,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде асыл тұқымды тәуліктік төлді сатып алуға 617,5 млн теңге, ал жұмыртқа өндіру құнын арзандатуға - 7,5 млрд теңге бағытталды.