АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымы адам құқықтарының бұзылуы туралы барлық хабарламаларды тексеруге және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак.
Ол Донецк Халық Республикасының омбудсмені Дарья Морозованың өлтірілген ресейлік әскери тұтқындар туралы видео жариялау фактісі бойынша үндеуіне түсініктеме берген кезде осындай пікір білдірді.
"Біз қақтығысқа қатысушы барлық тарапты адам құқықтарының бұзылуы туралы барлық хабарламаны мұқият тексеруге, сондай-ақкінәлілерді жауапқа тартуға шақырдық", - деді ол.
Жұма күні Морозова өлтірілген ресейлік әскери тұтқындар туралы видео жариялануына байланысты БҰҰмен Халықаралық Қызыл Крест комитетіне (ХҚКК) ресми түрде сауал жолдағанын және мәселенің мәнн-жайы әділ анықталады деп күтіп отырғанын айтты.
Бұған дейін интернетте украин әскерилері тұтқынға берілген және жерде жатқан ресейлік жауынгерлерді атып тастаған видео пайда болды. Президент жанындағы азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің төрағасы Валерий Фадеевтің айтуынша, бұл оқиға Луганск Халық Респбликасындағы Макеевкада болған. Комитет басшысы бұл оқиғаны адамзатқа ашық қарсылық деп атап, халықаралық тергеуді талап ететінін айтты.