https://sputnik.kz/20221119/buu-reseylik-askeri-tutqyndardy-oltiru-turaly-khabarlamany-tekseruge-shaqyrdy-30562217.html
БҰҰ ресейлік әскери тұтқындарды өлтіру туралы хабарламаны тексеруге шақырды
БҰҰ ресейлік әскери тұтқындарды өлтіру туралы хабарламаны тексеруге шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымы адам құқықтарының бұзылуы туралы барлық хабарламаларды тексеруге және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды... 19.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-19T13:14+0500
2022-11-19T13:14+0500
2022-12-23T14:14+0500
бұұ
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/149/39/1493980_0:0:963:541_1920x0_80_0_0_57269a6340399dc96091107ab890c810.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымы адам құқықтарының бұзылуы туралы барлық хабарламаларды тексеруге және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак. Ол Донецк Халық Республикасының омбудсмені Дарья Морозованың өлтірілген ресейлік әскери тұтқындар туралы видео жариялау фактісі бойынша үндеуіне түсініктеме берген кезде осындай пікір білдірді."Біз қақтығысқа қатысушы барлық тарапты адам құқықтарының бұзылуы туралы барлық хабарламаны мұқият тексеруге, сондай-ақкінәлілерді жауапқа тартуға шақырдық", - деді ол.Жұма күні Морозова өлтірілген ресейлік әскери тұтқындар туралы видео жариялануына байланысты БҰҰмен Халықаралық Қызыл Крест комитетіне (ХҚКК) ресми түрде сауал жолдағанын және мәселенің мәнн-жайы әділ анықталады деп күтіп отырғанын айтты.Бұған дейін интернетте украин әскерилері тұтқынға берілген және жерде жатқан ресейлік жауынгерлерді атып тастаған видео пайда болды. Президент жанындағы азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің төрағасы Валерий Фадеевтің айтуынша, бұл оқиға Луганск Халық Респбликасындағы Макеевкада болған. Комитет басшысы бұл оқиғаны адамзатқа ашық қарсылық деп атап, халықаралық тергеуді талап ететінін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/149/39/1493980_12:0:733:541_1920x0_80_0_0_ab33393459cb620ef431de39078919af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымы адам құқықтарының бұзылуы туралы барлық хабарламаларды тексеруге және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак.
Ол Донецк Халық Республикасының омбудсмені Дарья Морозованың өлтірілген ресейлік әскери тұтқындар туралы видео жариялау фактісі бойынша үндеуіне түсініктеме берген кезде осындай пікір білдірді.
"Біз қақтығысқа қатысушы барлық тарапты адам құқықтарының бұзылуы туралы барлық хабарламаны мұқият тексеруге, сондай-ақкінәлілерді жауапқа тартуға шақырдық", - деді ол.
Жұма күні Морозова өлтірілген ресейлік әскери тұтқындар туралы видео жариялануына байланысты БҰҰмен Халықаралық Қызыл Крест комитетіне (ХҚКК) ресми түрде сауал жолдағанын және мәселенің мәнн-жайы әділ анықталады деп күтіп отырғанын айтты.
Бұған дейін интернетте украин әскерилері тұтқынға берілген және жерде жатқан ресейлік жауынгерлерді атып тастаған видео пайда болды. Президент жанындағы азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің төрағасы Валерий Фадеевтің айтуынша, бұл оқиға Луганск Халық Респбликасындағы Макеевкада болған. Комитет басшысы бұл оқиғаны адамзатқа ашық қарсылық деп атап, халықаралық тергеуді талап ететінін айтты.