АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Орал қаласында орманға саңырауқұлақ теруге кеткен егде жастағы ер адам жоғалып кетті. Оны іздестіруге Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
5 қараша күні таңертең Оралдың 1949 жылғы тұрғыны саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, сол күйі оралмаған. 6 қарашада ер адамның туыстары көмек сұрап, Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді.
Құтқарушылар мен еріктілер орманда жоғалған ер адамды іздеп жүр
Жоғалған адамды іздеуге "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
Сондай-ақ, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар, полиция, еріктілер, жергілікті тұрғындар, орманшылар, әскери қызметкерлер – барлығы 325 адам және 41 бірлік техника тартылды.
Әзірге іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеді.
Құтқарушылар мен еріктілер орманда жоғалған ер адамды іздеп жүр
Туыстарының айтуынша, жоғалған адам ішімдік ішпеген, ақыл есін жоғалтпаған. Сондай-ақ оның өзімен бірге ұялы телефоны болмағаны белгілі болды.
Жоғалған ер адамға қатысты қандай да бір ақпарат болса, "112" (бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет), 51-42-22 (БҚО ТЖД кезекші бөлімі) нөмірлеріне хабарласуға болады.