https://sputnik.kz/20221117/oral-orman-zhogalgan-er-adam-29399219.html
Оралда орманда жоғалған ер адамды тікұшақпен іздеп жатыр
Оралда орманда жоғалған ер адамды тікұшақпен іздеп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Орал қаласында орманға саңырауқұлақ теруге кеткен егде жастағы ер адам жоғалып кетті. Оны іздестіруге Қазавиақұтқару тікұшағы... 17.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-17T08:30+0500
2022-11-17T08:30+0500
2022-11-17T08:32+0500
өңірлер
орал
орман
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29397567_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_5fbf0f08d906b0f0d9bcec6534f5e545.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Орал қаласында орманға саңырауқұлақ теруге кеткен егде жастағы ер адам жоғалып кетті. Оны іздестіруге Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.5 қараша күні таңертең Оралдың 1949 жылғы тұрғыны саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, сол күйі оралмаған. 6 қарашада ер адамның туыстары көмек сұрап, Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді.Жоғалған адамды іздеуге "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.Сондай-ақ, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар, полиция, еріктілер, жергілікті тұрғындар, орманшылар, әскери қызметкерлер – барлығы 325 адам және 41 бірлік техника тартылды.Әзірге іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеді.Туыстарының айтуынша, жоғалған адам ішімдік ішпеген, ақыл есін жоғалтпаған. Сондай-ақ оның өзімен бірге ұялы телефоны болмағаны белгілі болды.Жоғалған ер адамға қатысты қандай да бір ақпарат болса, "112" (бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет), 51-42-22 (БҚО ТЖД кезекші бөлімі) нөмірлеріне хабарласуға болады.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29397567_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_2f8e0cfcd0da4eeb4b3ec57c2e062596.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, орман
Оралда орманда жоғалған ер адамды тікұшақпен іздеп жатыр
08:30 17.11.2022 (жаңартылды: 08:32 17.11.2022) АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Орал қаласында орманға саңырауқұлақ теруге кеткен егде жастағы ер адам жоғалып кетті. Оны іздестіруге Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
5 қараша күні таңертең Оралдың 1949 жылғы тұрғыны саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, сол күйі оралмаған. 6 қарашада ер адамның туыстары көмек сұрап, Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді.
Жоғалған адамды іздеуге "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
Сондай-ақ, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар, полиция, еріктілер, жергілікті тұрғындар, орманшылар, әскери қызметкерлер – барлығы 325 адам және 41 бірлік техника тартылды.
Әзірге іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеді.
Туыстарының айтуынша, жоғалған адам ішімдік ішпеген, ақыл есін жоғалтпаған. Сондай-ақ оның өзімен бірге ұялы телефоны болмағаны белгілі болды.
Жоғалған ер адамға қатысты қандай да бір ақпарат болса, "112" (бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет), 51-42-22 (БҚО ТЖД кезекші бөлімі) нөмірлеріне хабарласуға болады.