Курчатов қаласындағы дәмханада жарылыс болды

Sputnik
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Абай облысындағы Курчатов қаласында дәмханада тұрған газ баллоны жарылды. Бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 9:30-да "Жайлаубай" шағын базарындағы жарылыс туралы ақпарат түскен. "Aragosta" деген барда газ жарылған, бірақ өрт шыққан жоқ.
Әлеуметтік желіде жарылыс болған ғимараттың видеосы тарады. Екінші қабаттағы терезелер ұшып кетті, ішінде жиһаз бен техника зақымданды. Жарылыс кезінде бір адам белінен жарақат алды. Оған сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Ер адам үйіне жіберілді.
Шымкентте көліктің жүксалғышында газ баллоны жарылды