Қарағандылық құсбегі аң аулаудан әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді

Sputnik
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қарағандылық бүркітші Таңат Оспанқұлов Абай облысында өткен құстармен аң аулаудан әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді.
Оның Самал есімді сұңқары (ителгі) барлық тапсырманы оңай орындап, сегіз елден келген 60 аңшы құстың ішіндегі ең мықтысы деп танылды.
Қарағанды облысының атынан бес бүркітші сайысқа түсті
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, жарысқа Португалия, Қытай, Ресей, Түркия, Украина, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстан спортшылары қатысты. Қарағанды облысының намысын өз қыран құстарымен келген бес бүркітші қорғады.
"Қазақстанда осындай көлемдегі жарыстар алғаш рет өткізілуде. Жалпы, аңшы құстармен аң аулау өте танымал ұлттық спорт түрі. Бірақ көп жыл бойы оған тиісті көңіл бөлінбеді, – дейді Қарағанды облысының ауші құстармен аң аулау жөніндегі аға жаттықтырушысы Төлеген Махамбетчин. – Өңірде соңғы жылдары бұл спорт жақсы дамып келеді. Біздің спортшылар лайықты нәтижелер көрсетуде. Облыста 20-ға жуық бүркітші бар".
Абай облысында өткен әлем чемпионатына сегіз елден келген бүркітшілер қатысты
Таңат Оспанқұлов мектеп жасынан бастап аңшы құстармен аң аулағанды жақсы көреді. Қазір оның тәлімбағында екі бүркіт пен үш сұңқар бар.
"Мен Самал есімді сұңқармен әлем чемпионатына қатыстым. Ол үш жаста. Өткен жылы ол Қазақстан чемпионатында да жеңіске жеткен еді. Ол кезде күміс жүлде жеңіп алды. Биыл бірінші орынды иеленді. Судьялар оның жылдамдығын, қоянды қалай аулайтынын бағалады. Самал бәрінен басым түсті" – дейді Таңат Оспанқұлов.
Таңат Оспанқұлов мектеп жасынан бастап аңшы құстармен аң аулағанды жақсы көреді
Таңаттың Тасшеңгел мен Найза атты бүркіттері, сондай-ақ Сұңқар, Қарагөз, Тұмар деген сұңқарлары бар.
"Олардың барлығы өте ақылды және темпераментті. Бұл оларға жеңіске жетуге көмектесетін мінез. Бұл негізгі өлшемшарт болып саналады. Бірақ жаттығулар да маңызды рөл атқарады. Оларға күніне бірнеше сағат бөлу керек", - дейді ол.