https://sputnik.kz/20221109/qaragandylyq-qusbegi-an-aulaudan-alem-chempionatynda-birinshi-oryndy-ielendi-29191222.html
Қарағандылық құсбегі аң аулаудан әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді
Қарағандылық құсбегі аң аулаудан әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қарағандылық бүркітші Таңат Оспанқұлов Абай облысында өткен құстармен аң аулаудан әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді. 09.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-09T20:37+0500
2022-11-09T20:37+0500
2023-08-09T17:02+0500
футболдан әлем чемпионаты
құс
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/09/29183140_0:1:1279:720_1920x0_80_0_0_d071720b33dd5f9af5488b2d52ad72a5.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қарағандылық бүркітші Таңат Оспанқұлов Абай облысында өткен құстармен аң аулаудан әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді.Оның Самал есімді сұңқары (ителгі) барлық тапсырманы оңай орындап, сегіз елден келген 60 аңшы құстың ішіндегі ең мықтысы деп танылды.Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, жарысқа Португалия, Қытай, Ресей, Түркия, Украина, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстан спортшылары қатысты. Қарағанды облысының намысын өз қыран құстарымен келген бес бүркітші қорғады."Қазақстанда осындай көлемдегі жарыстар алғаш рет өткізілуде. Жалпы, аңшы құстармен аң аулау өте танымал ұлттық спорт түрі. Бірақ көп жыл бойы оған тиісті көңіл бөлінбеді, – дейді Қарағанды облысының ауші құстармен аң аулау жөніндегі аға жаттықтырушысы Төлеген Махамбетчин. – Өңірде соңғы жылдары бұл спорт жақсы дамып келеді. Біздің спортшылар лайықты нәтижелер көрсетуде. Облыста 20-ға жуық бүркітші бар".Таңат Оспанқұлов мектеп жасынан бастап аңшы құстармен аң аулағанды жақсы көреді. Қазір оның тәлімбағында екі бүркіт пен үш сұңқар бар."Мен Самал есімді сұңқармен әлем чемпионатына қатыстым. Ол үш жаста. Өткен жылы ол Қазақстан чемпионатында да жеңіске жеткен еді. Ол кезде күміс жүлде жеңіп алды. Биыл бірінші орынды иеленді. Судьялар оның жылдамдығын, қоянды қалай аулайтынын бағалады. Самал бәрінен басым түсті" – дейді Таңат Оспанқұлов.Таңаттың Тасшеңгел мен Найза атты бүркіттері, сондай-ақ Сұңқар, Қарагөз, Тұмар деген сұңқарлары бар."Олардың барлығы өте ақылды және темпераментті. Бұл оларға жеңіске жетуге көмектесетін мінез. Бұл негізгі өлшемшарт болып саналады. Бірақ жаттығулар да маңызды рөл атқарады. Оларға күніне бірнеше сағат бөлу керек", - дейді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/09/29183140_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_0a390fc599e4f771539e6ad9fe598c88.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футболдан әлем чемпионаты, құс
футболдан әлем чемпионаты, құс
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қарағандылық бүркітші Таңат Оспанқұлов Абай облысында өткен құстармен аң аулаудан әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді.
Оның Самал есімді сұңқары (ителгі) барлық тапсырманы оңай орындап, сегіз елден келген 60 аңшы құстың ішіндегі ең мықтысы деп танылды.
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, жарысқа Португалия, Қытай, Ресей, Түркия, Украина, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстан спортшылары қатысты. Қарағанды облысының намысын өз қыран құстарымен келген бес бүркітші қорғады.
"Қазақстанда осындай көлемдегі жарыстар алғаш рет өткізілуде. Жалпы, аңшы құстармен аң аулау өте танымал ұлттық спорт түрі. Бірақ көп жыл бойы оған тиісті көңіл бөлінбеді, – дейді Қарағанды облысының ауші құстармен аң аулау жөніндегі аға жаттықтырушысы Төлеген Махамбетчин. – Өңірде соңғы жылдары бұл спорт жақсы дамып келеді. Біздің спортшылар лайықты нәтижелер көрсетуде. Облыста 20-ға жуық бүркітші бар".
Таңат Оспанқұлов мектеп жасынан бастап аңшы құстармен аң аулағанды жақсы көреді. Қазір оның тәлімбағында екі бүркіт пен үш сұңқар бар.
"Мен Самал есімді сұңқармен әлем чемпионатына қатыстым. Ол үш жаста. Өткен жылы ол Қазақстан чемпионатында да жеңіске жеткен еді. Ол кезде күміс жүлде жеңіп алды. Биыл бірінші орынды иеленді. Судьялар оның жылдамдығын, қоянды қалай аулайтынын бағалады. Самал бәрінен басым түсті" – дейді Таңат Оспанқұлов.
Таңаттың Тасшеңгел мен Найза атты бүркіттері, сондай-ақ Сұңқар, Қарагөз, Тұмар деген сұңқарлары бар.
"Олардың барлығы өте ақылды және темпераментті. Бұл оларға жеңіске жетуге көмектесетін мінез. Бұл негізгі өлшемшарт болып саналады. Бірақ жаттығулар да маңызды рөл атқарады. Оларға күніне бірнеше сағат бөлу керек", - дейді ол.