Өңірлер

Талдықорғанда құрылыс алаңында шетелдік жұмысшы қаза болды

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 8 қараша – Sputnik. Талдықорғанда құрылыс алаңында болған оқыс оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Жетісу облысы ІІД баспасөз қызметі.
6 қарашада құрылыс нысандарының бірінде 24 жастағы жұмысшы мерт болған. Жігіт абайсызда салынып жатқан ғимараттың 4-қабатынан құлаған.
Марқұмның шетелдік екені белгілі болды. Ол көрші елден еңбек мигранты ретінде келген.
"Құрылыс кезінде қауіпсіздік ережесі бұзылғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Үлескер тартуға рұқсаты жоқ құрылыс компанияларының тізімі жарияланды