Өңірлер

Талдықорғанда құрылыс алаңында шетелдік жұмысшы қаза болды

© Sputnik / Владислав ВодневҚұрылыс
Құрылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 8 қараша – Sputnik. Талдықорғанда құрылыс алаңында болған оқыс оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Жетісу облысы ІІД баспасөз қызметі.
6 қарашада құрылыс нысандарының бірінде 24 жастағы жұмысшы мерт болған. Жігіт абайсызда салынып жатқан ғимараттың 4-қабатынан құлаған.
Марқұмның шетелдік екені белгілі болды. Ол көрші елден еңбек мигранты ретінде келген.
"Құрылыс кезінде қауіпсіздік ережесі бұзылғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Кран, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2022
Үлескер тартуға рұқсаты жоқ құрылыс компанияларының тізімі жарияланды
Жаңалықтар
0