Алматыдағы жол апаты: 9 жасар бала миы шайқалып, ауруханаға түсті

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Алматыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккен 9 адам ауруханаға жатқызылды. Оның біреуі 9 жасар бала, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше 21 адам медициналық көмекке жүгінген. 9 адам ауруханаға жатқызылды.
Барлығының жағдайы орташа, тұрақты.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 адам жеткізілді, көрсетілген көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Жедел жәрдем ауруханасына 7 адам түсті, екеуі ауруханаға жатқызылды, 5 адам амбулаториялық емге жіберілді.
Қоғамдық көлікте болған 2013 жылы туған жасөспірімнің миы шайқалған. Сондай-ақ беті аузы көгеріп, жараланған. Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін жол апатынан бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмып, 17 адам ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын.
Өңірлер
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: 17 адам ауруханаға жеткізілді